Алматының Әуезов ауданында «Абай оқулары» өтті
Almaty.tv
33 мектептен іріктелген жас дарындар қатысып, бақ сынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Абай күніне орай бүгін Алматының Әуезов ауданында «Абай оқулары» өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып жатқан іс-шараға қаладағы 33 мектептен іріктелген жас дарындар қатысып, бақ сынады. Хакім мұрасын дәріптеген оқушыларға аудан әкімдігі арнайы алғыс хат мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.
«Мен өзіме көптеген мәлімет алдым. Бүгін Абай Құнанбайұлының «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» деген өлеңін оқыдым», – деді №133 мектеп - гимназиясының оқушысы Гүлім Төлеухан.
«Бұл іс-шараның мақсаты – Абай мұрасын балалардың бойына сіңіру. Абайдың қара сөзін, өлеңдерін жас ұрпаққа дәріптеу», – деді Әуезов ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Кәмшат Тұрдыбаева.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06