Президент Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды
inform.kz
Шәмші Қалдаяқов – аса көрнекті композитор, қазақ мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шәмші Қалдаяқовқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ш. Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақ халқының музыка өнерін дамытудағы айрықша еңбегі үшін композитор Шәмші Қалдаяқовқа жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм).
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", – делінген қаулыда.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
23.11.2026 17:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.11.2026 08:10
Газдалған тәтті сусындардың адам ағзасына зияны қандай
22.11.2026 14:36
22 қарашаға арналған валюта бағамы
22.11.2026 09:46