|
01.06.2022 | 16:58
1059

Алматыда әжелер арасында бесік жырын айтудан сайыс өтті

Байқауға 11 әже қатысты

Алматыда әжелер арасында бесік жырын айтудан сайыс өтті Almaty. tv

Алматыда ақ жаулықты әжелер бесік жырын айтудан сынға түсті. Балаларды қорғау күні мерекесі аясында өткізілген іс-шара қазақтың әдет-ғұрыптарын дәріптейді, деп хабарлайды Almaty. tv тілшісі.

Байқауға 11 әже қатысты. Үздік деп танылғандар Медеу ауданы әкімдігінің алғыс хатын және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Бүгін– балаларды қорғау күні. Баланың ертеңіне үмітпен қарайтын ұлттың ұрпағымыз ғой. Іс-шараның маңызы зор», – деді ҚР Білім беру ісінің үздігі Жақсыгүл Қалжанова.

«Қазіргі жас келіншектер арасында бесік жырын айтатындар азайып кетті. Балам жақсы қазақы тәрбиемен өссін деген аналар оны ұмытпағаны жөн. Бүгінгі балалар қорғау күні құтты болсын. Қазақтың даңқын көтеретін сәбилер енді келеді деген арманымыз бар», – деді балалар жазушысы Мәркиза Базарбаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир