Алматыда жас өнерпаздардың концерті өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Жасөспірімдерді өнерге баулитын үйірмелер қазір Алатау мен Наурызбай аудандарында көптеп ашылып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында эстрада жұлдыздары және жас өнерпаздардың қатысумен шоу-концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тоқтар Серіков, Әбдіжаппар Әлқожа, Алатау серілері сынды жұлдыздар білім орталықтарының оқушыларымен бірге өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Дыбыс пен динамиканы сахналық композиялармен ұштастыра білген балалар елуге жуық нөмір дайындап, спорттық трюктер жасады.

– Риясыз, әдемі кеш жақсы өтті. Қазақтың болашақ жұлдыздарын тәрбиелеп жатқан мектептердің басшылығына толағай табыс тілейміз, – деді әнші Тоқтар.

– Осындай кеш Қазақстанда көп болсын. Менің немерем қатысып жатыр, билейді, – дейді қала тұрғыны Жүрсін Сыдықов.

Жасөспірімдерді өнерге баулитын үйірмелер қазір Алатау мен Наурызбай аудандарында көптеп ашылып жатыр. Олар оқушылардың бос уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын болады. 

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға тегін білім беру орталықтары мен түрлі секцияларды көптеп ашуды тапсырған еді.

– Президентіміздің қолдауымен жүзеге асырылған бағдарламаның мақсаты – балаларға тегін спорт және өнер үйірмелерін ашу. Сол бағдарламалармен қазір біз екі ауданда жұмыс істеп жатырмыз. 500-ден астам баламыз бар. Бүгін балаларымыздың есеп беру кешін өткізіп жатырмыз. Біздің үйірмелерге жазылу үшін әлеуметтік желіде «Даму Бала» бағдарламасына кіріп, балаларыңызды тіркеп, керек құжаттарды жинап, өтініш білдіруге болады, – деді кештің бас ұйымдастырушысы Кенже Серікқызы.

Новости партнеров