Алматыда Рахымжан Отарбаевтың 65 жылдығына орай жазушының биографиялық көрсеткіш кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еңбек 3 тілде жарық көрді. Ұлттық кітапханада болған іс-шараға өңір-өңірден келген қаламгерлер, драматургтың шәкірттері қатысып, жарқын естеліктерін бөлісті. Сондай-ақ Тәуелсіздіктің маңызына тоқталып, оны бағалай білуге шақырды. Рахымжан Отарбаев еңбек жолында қазақ журналистикасы мен әдебиетінде өз қолтаңбасын қалдырған жазушы. «Қазақстанның Еңбек Ері» Асанәлі Әшімов қаламгерді «Прозаның Мұқағалиі» деп, шығармашылық жолын жоғары бағалаған.
«Өмірбаяны мен еңбегі жайлы жазылған кітап алғаш рет жарық көрді. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған. «Р. Отарбаев» қоры баспасынан шығып жатқан алғашқы өнім. Жалпы, руханият қоры Рахаңның мұрасын зерттеуде, насихаттауда сондай-ақ жинастыруда үлкен жұмыс атқарып жатыр», – деді Р. Отарбаевтың жары Сәуле Отарбаева.