Сарай ақыны атанып кеткен Балтабек Нұрғалиев кімнен кешірім сұрады

Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Ол қазақ әдебиетіндегі барлық ақынның өзінен көп оқылатынын мойындады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желі қолданушыларының арасында «Сарай ақыны» деген атпен танымал болған ақын Балтабек Нұрғалиев әлеуметтік желі парақшасында халықтан кешірім сұрап жазба қалдырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Құрметті қазақстандықтар, ізгі бауырлар!

Мен бүгін Абайдың менен де көп оқылатын ақын екеніне көзім жетті. Мойындадым. Жалғыз Абай ғана емес, жалпы қазақ әдебиетіндегі барлық ақын менен көп оқылады. Мен әлемдегі ең соңғы ақынмын. Қазақстандық поэзиядағы, орыс тілді болсын, қазақ тілді болсын, жалпы басқа тілдердегі ақындардың ішіндегі ең аз оқылатын ақын, ол – менмін. Қазақ поэзиясында аз оқылу жағынан нөмірі бірінші болып мен тұрмын деп есептеймін. Абайдың өлеңі де, де өзі де менен алда. Мен оқылым жағынан да, басқа ұлылық жағынан да, жаңашылдық жағынан да Абайдың алдына шығып кеткенім жоқ.

Қателігім үшін қоғамнан кешірім сұраймын», – деп жазды Балтабек Нұрғалиев Facebook-парақшасында.

Ақынның жазбасына желі қолданушылары қызу пікір қалдырып жатыр. Бірі оның сөзін әзіл деп қабылдаса, енді бірі кемшілігін мойындай білген нағыз азамат ретінде риза болғанын жеткізген.   

Новости партнеров