Жамбыл Жабаев 175: Алматыда «Халық поэзиясының алыбы» атты кеш өтті

Жамбыл Жабаев 175: Алматыда «Халық поэзиясының алыбы» атты кеш өтті
Кеш аясында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты көрмесі де ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Халық поэзиясының алыбы» атты кеш өтті. Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығында өткен шараға белгілер әншілер мен жастар қатысып, Жамбыл шығармашылығынан сыр шертті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ол кісі ақпа-төкпе жырау болғандықтан, сөздері көбінесе көне жыраулардың мақамдарына салып, сарындарымен орындай берген ғой. Бұл бір адамға ерекше рух беретін, халыққа ерекше бір күш беретін дүниелер болған», – деді әнші Сәуле Жанпейісова.

«Жамбылдың жазған дүниелері қазіргі таңдағы жастардың патриоттық ішкі сезімін жоғары деңгейде дамытатын дүниелер жазған. Ол бәрімізге мәлім. Біз оны дәріптейміз. Қазақ бар жерде Жамбыл бар», – деді қалалық музейлер бірлестігінің директоры Әнуар Үмбетәлиев.

Кеш аясында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты көрмесі де ұйымдастырылды. Мәдени шарада ақынның өзі пайдаланған дүниелері мен құнды қолжазбалары қойылды.

«Бүгінгі шара өте керемет ұйымдастырылған. Мінекей, дәстүрлі әншілеріміз келіп, жетігенде ойнаған қыздарымыз тамаша орындап, өнерлерін көрсетіп жатыр. Енді Жамбыл атамыздың әруағы разы деп ойлаймын», – деді Жамбыл жабаевтың немересі Салтанат Жабаева.

Новости партнеров