Ринат Зайытов дәстүрлі өнердің 5 мектебін қайта жаңғыртпақ

Ринат Зайытов дәстүрлі өнердің 5 мектебін қайта жаңғыртпақ
Ринат Зайытов ұлттық өнерге үлес қосып жүрген қайраткерлерді шақырып, жұмыс жоспарын нақтылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алатау» дәстүрлі өнер театры елдегі дәстүрлі өнердің 5 мектебін қайта жаңғыртпақ. Әрі жас орындаушылардың шығармашылық дамуына жағдай жасалады. Осылай деген театр басшысы Ринат Зайытов ұлттық өнерге үлес қосып жүрген қайраткерлерді шақырып, жұмыс жоспарын нақтылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біздің мақсатымыз – қазіргі қызығушы аудитория бөлек, енді жастарды тартқымыз келеді ұлттық өнерге. Ол үшін біз ұлттық өнердің ағаларымыз айтпақшы, тауларды аласартпай, даланы асқақтатуымыз керек. Қадыр Мырза Әлиев не деді? «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра»,деді. Қазақ бар жерде ұлттық өнер ешқашан өлмейді. Оның сұранысының арта беретініне мен кәміл сенем», – деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Ринат Зайытов.

Жиналысқа қатысқан дәстүрлі өнердің өкілдері «театрға жастарды тарту керек, біз бағдар болайық» дейді. Жұмыс жоспары мен нақты қадамдардан бөлек, кадрлар мәселесі де сөз болды. Сондай-ақ аға буын ұлттық өнерді дәріптеп жүрген жастар тасада қалып қоя ма деп алаңдайды.

«Қазіргі экранның бәрін эстрада жанры мен арзанқол театрға толтырып тастады. Сол себепті қазір халық танымайды жастарды. Бізде толып жатқан жастарымыз бар. Қазіргі кемшілігіміз біз барды жолға салып, көрсете алмай келеміз», – деді Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев.

Новости партнеров