|
11.11.2022 | 17:56
880

А. Байтұрсынұлы-150: Алматыда халықаралық конференция өтті

Конференцияға отандық және алыс-жақын шет мемлекеттен 100-ге тарта профессор-ғалымдар қатысты

А. Байтұрсынұлы-150: Алматыда халықаралық конференция өтті Almaty.tv

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында бүгін Алматыда халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғылыми-тәжірибелік жиын талдаулар мен ахметтану ғылымының өзекті мәселелерін ортаға салды. Конференцияға отандық және алыс-жақын шет мемлекеттен 100-ге тарта профессор-ғалымдар қатысты.

«Ахаңның қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде жазған дүниесі, бұрын-соңды жұрт көрмеген, оқымаған шығармаларын тауып, енгіздік. Бұл 12 томдықтан басқа, осыған дейін жарық көрген мұраларынан ерекшелігі – бұл жинақта төте жазудағы түпнұсқа еңбектерімен қатар, бүгінгі кирилл жазуымен жазған еңбектері беріледі», – деді ғалым, «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтанхан Аққұлұлы

Көпшілік қауымға жол тартқан сүбелі еңбектердің қатарында түрік ғалымының Ахаң турасындағы зерттеу кітабы да бар.

«Ахаңның бүкіл еңбектерінің өзі әлі толық жинақталып біткен жоқ. Сондықтан, Ахаңның шығармаларына текстологиялық зерттеу жасау, оның ішінде әлі табылмаған, жарияланбаған еңбектері бар. Мәселен, соңғы кезде Ахаңның Ленинге жазған үш хаты табылды. Осы үш хаттың өзінде Ахаңның бүкіл ұлттық ұстанымы, саяси көзқарасы айқын көрінеді», – деді филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир