Алматыда жас суретшілер марапатталды

Бірінші кезеңге 260 бала қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Бейбіт әлемнің балалары бейбітшілікті бейнелейді» қалалық бейнелеу өнері байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Байқау жас ұрпақтың бойында мейірімділік, құрмет, толеранттық жауапкершілік сынды тамаша қасиеттерді тәрбиелеп, адамдық және отбасылық құндылықтарды дарыту арқылы отбасындағы мінез-құлық мәдениеті, қоғамдағы зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас ұстанымдарын дамытуға бағытталған.

«Бірінші кезеңге 260 бала қатысты. Одан кейін екінші кезеңге 200 адам қатысты. Бірінші кезеңге біз 20 адамды ғана бөлдік.  Отбасы ол құндылық қой, басты мағына ол отбасы құндылығы. Әке ана бала арасындағы  жақсы қарым-қатынас болсын дедік», – деді қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Асылбекқызы.

Байқауда бірінші орынға Анастасия Кручинаның «Отбасы күші» суреті ие боса, екінші орынды Кәдірбай Дидар «Бақытты балалық шақ» суретімен қанжығалап, үшінші орын «Әжеге деген махаббат» суретінің авторы Ален Манькоға бұйырды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, байқаудың өзге де қатысушыларына ынталандыру сыйлықтары табысталды.

«Бұл суретте мен ауылдағы балалардың қуанышты сәттерін салғым келді. Сурет әлемі деген маған өте қатты ұнады. Мен жиі-жиі осындай суреттер салып тұрамын. Маған сурет салған өте қатты ұнайды», – деді екінші орын иегері  Кәдірбай Дидар.

Новости партнеров