Балалар әдебиетінің бағбаны: Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толды

Almaty.tv
Almaty.tv
Алматыда әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Балалар әдебиетінің бағбаны» Бердібек Соқпақбаевтың туғанына биыл 100 жыл толды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Біртуар жазушының айтулы мерейтойына орай орталық балалар кітапханасында әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Онда ақын-жазушылар мен профессорлар бір ортада бас қосып, тың туындыларымен халық көңілінде сақталған қаламгер туралы естелігін бөлісті. Көпшілік назарына тұлғаның өмір жолымен ұштастырылып дайындалған кітап көрме-инсталляциясы ұсынылды.

– Бала кезімде Нұрғиса ағаның «өзім өлсем  де, атым өлмес» деген сөзін естідім. Бердібек ағаның аты өлген жоқ, – деді актер Нұрлан Санжар.

– Кітаптың тәрбиесі ерекше болады. Менің арманым, әкемнің де арманы шығар деп ойламын, орындалды. Балалар кітапқа көбірек оқыса, қолына кітапты жиірек алса деймін, Бүгінгі  іс-шараның маңызы зор деп есептеймін, – деді Б. Соқпақбаевтың қызы Самал Соқпақбаева.

Оқи отырыңыз: Алматы жұртшылығы Мәлік Ғабдуллинді еске алды

Новости партнеров