Алматыда Рафаэль Ниязбеков тұрған үйге мемориалды тақта қойылды
Almaty.tv
Салтанатты іс-шараға қалалық әкімдік өкілдері мен елімізге белгілі өнер қайраткерлері қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда поэзия әлемінде өшпес орны бар, белгілі ақын, жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Рафаэль Ниязбеков тұрған үйге мемориалды тақта қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Салтанатты іс-шараға қалалық әкімдік өкілдері мен елімізге белгілі өнер қайраткерлері қатысты. Қонақтар «өлеңдері арқылы көптің жүрегінен орын ала білген ақынның жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады» де еске алды.
«Бауырлас елдің батыры атанған ақын, өз елінің батыры болмасқа хақысы жоқ. Алаштың да азулы ақыны да, батыры да болып өтті өмірден. Рафаэль аға – рухы бөлек, ақындығы ерек талант иесі еді», – деді ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
17.10.2026 16:17
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37