Алматыда Жәди Шәкенұлының 55 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті
Almaty. tv
Іс-шарада М. Мақатаев атындағы гимназия оқушылары ақын өлеңдерін оқыды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Тамшыдай еңбегім тәуелсіздік үшін». Алматыда осындай тақырыпта көрнекті қаламгер Жәди Шәкенұлының 55 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Almaty. tv тілшісі.
Іс-шарада Мұқағали Мақатаев атындағы гимназия оқушылары ақын өлеңдерін оқыды. Болат Құрманғажы, Ержанат Байқабай сынды белгілі ақын-жазушылар бой көрсеткен мерекелік кеш құттықтау сөздермен жалғасын тапты.
«Кештің мәні – 55 жылда қанша еңбек істедік, халыққа не бердік деген есеп беру. Қазірге дейін автор ретінде 20 томдай еңбек жарық көрсе, құрастырылған, редакциялаған 40 томдық дүние бар. Жалпы 55 том деген еңбекті жұрт алдында есеп ретінде айтып жатырмын», – деді Қазақстан және Еуразия Жазушылар одағының мүшесі Жәди Шәкенұлы.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13