|
06.09.2021 | 18:34
1209

IQ-Almaty зияткерлік сайысы өз мәресіне жетті

Ақтық бәсекеде 4 команда бақ сынасты

IQ-Almaty зияткерлік сайысы өз мәресіне жетті almaty.tv

Қаламыздың ең білімді жастарының зияткерлік сайысы – IQ Almaty өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әр жексенбі сайын көрерменін жаңа шығарылымымен қуантқан IQ Almaty жобасының 2-маусымы.

15 апта бойы Алматы қаласының 20 университеті білімімен күш сынасып, телеарна ұсынған 2.000.000 теңге ақшалай сыйлықты – бас жүлдені сарапқа салып, даналары дараларын озып шығуға ұмтылды.

Бағдарламаның ақтық сынында барлығы 4 команда бақ сынасты:

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің "Парасат" командасы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің "Самғау" командасы және 

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  "Сириус" командасы мен Тұран университеті  "Инсайт" командасы.

Финалда ойыншыларға қолдау көрсетіп, төрелігін айтуға әнші, композитор Марат Омаров пен "Алматы" телеарнасы бас директорының контентті басқару жөніндегі орынбасары Құрманәлі Нұрғалиев келді.

Білімімен талайды шаң қақтырған С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ озық студенттері биыл да бас жүлдені қанжығасына байлады. "Алматы" телеарнасын жеңімпаздарды шын жүректен құттықтайды!

Финалдық бәсекенің толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир