Бүгін Орталық неке сарайында халықтық салт-дәстүрлер мен отбасы құндылықтарын сақтап, дамытуды дәріптейтін бірегей байқау өтті деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Беу, қыздар-ай» сайысында Алматы сән және дизайн колледжінің студенттері мен оқытушылары өнерлерін ортаға салды. 4 кезеңнен тұратын байқауда колледж студенттері қолдан шыққан дүниелерімен таныстырды.
Айта кетейік, аталған шара Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы мен Жастар жылы аясында қолға алынған.
«Дәстүрге айналған сайысымызды өткізудегі негізгі мақсатымыз – кәсіби мамандықтардың қаншалықты маңызды екенін ұғындыру. Жастарымызды үлкен өмірге дайындау. Биыл аталмыш шараны неке сарайында өткізуіміздің өзіндік себебі бар. Бұл жерде отбасы құрылады. Ал, бақытты отбасы – мемлекетіміздің негізі», - деді Алматы Сән және дизайн колледжінің директоры Надежда Яковлева.