Алматыда Әдебиет академиясы залы ашылды

Алматыда Әдебиет академиясы залы ашылды
Ашылу салтанатына ақын-жазушылар мен жастар қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Әдебиет академиясы залы ашылды. Ұлттық кітапхана қабырғасында құрылған орталық жас ақындар мен прозашылардың өзін-өзі тануына, көркем шығарма жазудың бастапқы дағдыларын дамытуға жағдай жасайды. Сондай-ақ әдебиетсүйер қауым мен зиялы тұлғаларды біріктіретін шығармашылық орын болмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Залдың қызметі Жазушылар одағымен, Алматы қаласының басқару ұйымдарымен, мәдени және білім беру мекемелерімен бірлесіп жүзеге асырылады. Бүгінгі ашылу салтанатына ақын, жазушылар, жастар қатысты. Мұнда түрлі шаралар, кездесулер өткізу жоспарланған. 

«Оны біз кітапхананың сайтында және әлеуметтік желіде арнаулы жариялап отырамыз. Аптасына екі рет осында іс-шаралар өтеді. Кесте бойынша осы Ұлттық кітапхананың ережесіне сай», – дейді ақын, Әдебиет академиясы залының жетекшісі Мұратхан Шоқан.

«Әдебиет академиясының залы ашылуы заңды. Қолдаймыз. Бұл Ұлттық кітапхананың, Жазушылар одағы, біздің телевидение, радио саласы, газет-журнал болсын бәрі біте қайнасып жұмыс істеген кезде ғана ұлттық руханияттың жандануы жалғасын табады деп ойлаймын», – дейді ақын, ҚР Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан.

Новости партнеров