Алматыда Бейсембай Кенжебайұлының құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Тағзым тақтасы ғалымның 20 жылдан аса тұрған үйіне орнатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көрнекті әдебиеттанушы ғалым, профессор Бейсембай Кенжебайұлының құрметіне мемориалдық тақта ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ашылу салтанатына мәдениет қайраткерлері мен белгілі ақын-жазушылар жиналып, естелік айтты. Бейсембай Кенжебаев – қазақ әдебиетінің мәселелеріне, қазақ баспасөзінің тарихына арналған іргелі еңбектердің, Абай Құнанбаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов сынды тұлғалардың өмірі мен шығармалары туралы зерттеудің авторы. Өмір жолын қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуге арнаған көрнекті ғалым жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» оқулығын, «Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясын» жариялағаны белгілі.

– Қайратты кісі болды. Бейсекеңді бүгінгі күннің батыры деп атауға болады. Ғалымның екінші өмірі басталды. Ұзағынан сүйіндірсін! – деді жазушы, Қазақстанның еңбек ері Дулат Исабеков.

Тағзым тақтасы Бейсембай Кенжебайұлының 20 жылдан аса тұрған үйіне орнатылды. Салтанатты жиында жазушы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Құлбек Ергөбектің Бейсембай Кенжебайұлы жайлы жазған 2 кітабының тұсауы кесілді.

– Бейсембай Кенжебаев болмаса, "Алаш ұранын" жазған С. Торайғыровтан баяғыда айырылып, қайта ақтап жатқан болар едік. Әуезовтің «Абай» романы да жарыққа шықпайтын еді, – деді жазушы, филология ғылымдарының докторы Құлбек Ергөбек.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар адам миының атласын жасады

Новости партнеров