|
13.10.2023 | 14:51
565

Ғалымдар адам миының атласын жасады

Атлас ми жасушаларының 3000-нан астам түрін қамтиды

Ғалымдар адам миының атласын жасады Сурет: pixabay.com

Мидың жаңа атласының түпкі мақсаты – адам миының жұмысын, сондай-ақ Альцгеймер ауруынан күйзеліс пен шизофренияға дейінгі әртүрлі неврологиялық және психиатриялық аурулардағы процестерді жақсырақ түсіну, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Дүние жүзінің ғалымдары қолдана алатын бұл атласты біз білетін атластарға ұқсас нәрсе ретінде қарастыруға болады, деп жазды UPI.

Атлас адам миының жасушаларын, оның әртүрлі және күрделі екенін көрсетеді. Сан-Диего университетінің профессоры Бинг Реннің айтуынша, болашақта бұл атслас басқа зерттеушілерге ми бойынша "бағдар алуға" көмектеседі.

Атлас ми жасушаларының 3000-нан астам түрін қамтиды және оның әр адамда әр түрлі болатынын, приматтардың ми жасушаларынан қалай ерекшеленетінін, ми жасушаларының кейбір түрлерінің белгілі бір аурулармен қандай байланысы бар екенін және т.б. түсінуге мүмкіндік береді.

Ми жасушаларын терең түсіну, сайып келгенде, нейропсихиатриялық ауруларды, соның ішінде ешкім әлі ойлап көрмеген кейбір ауруларды емдеудің жаңа, жоғары әдістерін табуға ықпал етуі мүмкін.

Зерттеушілер мидың 42 аймағындағы 1 миллионнан астам жасушаны егжей-тегжейлі зерттеп, үш адамның миын талдаған. Олар 107 түрлі ми жасушаларының қосалқы түрлерін анықтады және содан кейін жасушаның молекулалық биологиясының кейбір аспектілерін шизофрения, биполярлық бұзылыс және Альцгеймер ауруы сияқты белгілі бір аурулармен байланысын зерттеген.

Оқи отырыңыз: Илон Маск компаниясы алдағы жарты жылда шалғайдағы 2 мың ауылды интернетпен қамтиды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир