|
22.11.2023 | 18:47
768

«Жалғыз қарағай» атты жыр жинағы оқырманға жол тартты

Кітаптың авторы – белгілі ақын Ғалым Жайлыбай

 «Жалғыз қарағай» атты жыр жинағы оқырманға жол тартты Almaty.tv

Бүгін «Атамұра» кітапханасы сериясының қатары бір кітаппен толықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол – Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың және Түркі әлемінің «Түркі бірлігі» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Ғалым Жайлыбайдың «Жалғыз қарағай» атты жыр жинағы. Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар қаламгердің кітабына кейінгі жылдарда жазылған өлеңдері мен поэмалары топтастырылған.

– Кітаптың ерекшелігі - жаңа өлеңдеріммен қатар, поэмаларым да бар. «Атамұра» кітапханасы сериясы бойынша жігіттер аса жауапкершілікпен дайындады, риза болдым. Сондықтан оқырманы көп болады деп ойлаймын, – деді ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай.

Ақын өлеңдерінде өмір, тағдыр, табиғат тылсымдары өзара астасып жатады. Жыр жинағындағы лирикалық ішкі иірімдерімен қоса, философиялық түйіні оқырман көңілінен шығары анық. Сиясы кеппеген жаңа басылымның тұсаукесер рәсіміне қазақтың танымал ақын-жазушылары қатысты.

– Кітапты көзі қарақты, көкірегі ояу жастар мен оқырман оқиды деп ойлаймын. Негізі 3 бағытта кітап шығарамыз. Біріншісі – «Атамұра» кітапханасы сериясы. Онда 200-ге жуық қазақтың ең таңдаулы ақын-жазушысының кітабы іріктелген. Олар Абай, Мұхтар Әуезовтерден басталып, көзі тірі классиктермен жалғасын табады, – деді «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед.

Оқи отырыңыз: Өмірімнің мәні мен сәні: жаңа туынды жарық көрді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир