|
18.02.2022 | 19:02
2238

Күй тартуды тез әрі оңай үйренуға арналған әдістемелік құрал жарыққа шықты

Алматыда Тәттімбет пен Құрманғазы шығармашылығына арналған концерт өтті

Күй тартуды тез әрі оңай үйренуға арналған әдістемелік құрал жарыққа шықты Almaty.tv

«Тәттімбет пен Құрманғазы – қос дүлдүлі қазақтың». Алматыда дәл осындай тақырыпта шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

      

Рухани мазмұнға толы шара көпшілікке халық күйлерінің ерекшелігі мен тарихын насихаттауды көздейді. Жиынға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен күй өнерінің жанашырлары қатысып, жас өнерпаздардан құралған «Әлқисса» студиясы өз өнерлерін көрсетті.  

«Қазақ халқының қиын кезеңдерін, мұң-мұқтаждарын күй арқылы өнерінен бал тамған сол кездегі күйші, ақын, жырауларымыздың қазірге дейін бізге жетіп отыр. Сол арқылы қазіргі балаларға деген өзіміздің бүгінгі іс-шарамыз, өскелең ұрпаққа соны дәріптеу», - деді Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығының ғылыми қызметкері Талшын Есентаева.   

Кеш барысында көпшілікке домбыра тарту өнеріне қызығушылық танытқан мектеп оқушылары үшін әдістемелік құрал таныстырылды. Автордың айтуынша, шағын кітапшада күй тартуды тез әрі оңай үйрену үшін түрлі әдіс-тәсілдер көрсетілген. Тіпті нотадан хабары жоқ кез келген адам осы нұсқаулықпен танысып, домбыраны бір айдың көлемінде үйреніп кетуіне мүмкіндік бар. Әдістемелік құрал қазір 200 данамен жарық көрген. Кітап құрастырушысы алдағы уақытта оны мектеп бағдарламасына енгізуді қарастырып жатқанын айтты.  

«Көбі нотамен үйретші деп сұрайды. Ол кәсіби музыканттарға керек. Ал енді қарапайым балаларға оның керегі жоқ. Нота білу міндетті емес. Менің өз мақсатым – әр қазақтың баласы бір күйді тартса да, таза ойнап, таза білсе деймін. Жалпы осы бағдарлама енгізілсе, мектеп оқушылары бір күй болса да тартатын еді», - деді күйші, ҚР мәдениет қайраткері Қанатбек Сәден.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир