Балалар кітапханасында бес кітаптың тұсауы кесілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Болат Бопайұлы атындағы сөреге 3000-ға жуық кітап топтастырылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Крылов атындағы балалар кітапханасында «Тылсымның тілі – ортақ тіл» бұрышының ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Болат Бопайұлы атындағы сөреге 3000-ға жуық кітап топтастырылған. Іс-шарада сонымен қатар автордың жаңа 5 кітабының тұсауы кесілді. Оған белгілі ақын-жазушылар мен танымал журналистер қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі іс-шаралардың өскелең ұрпаққа берері мол.

– Дүниеде жалғыз өзінің мәнін сақтайтын, қасиетін жоймайтын, құнын өзгертпейтін бір ғана нәрсе – кітапхана. Сол кітапханаға өмір бойы жинаған шығармаларды алып келдім. Өзім 64 жасқа  келіп, 62 кітап жазыппын, – деді жазушы - этнограф Болат Бопайұлы.

Оқи отырыңыз: Біз таза қала үшін: алматылық оқушылар тазалық патрульдері акциясына қатысты

Новости партнеров