|
09.06.2023 | 19:36
3112

Елдегі концерттік бірлестіктер өзара келісімшарт жасасты

Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өткен жиынға елдің әр аймағындағы мәдениет өкілдері қатысты

Елдегі концерттік бірлестіктер өзара келісімшарт жасасты Almaty.tv

Елдегі концерттік бірлестіктер өзара келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Меморандумға қол қойған мәдени мекемелердің басшыcы жиынды әуелі аталған саладағы мәселелерден бастады. Қордаланған тақырыптарды шешуге ұмтылған кеңес: «Әр аймақтағы филармониялардың жағдайы бір-біріне ұқсайды» дейді.

«Ең үлкен мәселе – гастрольдік карта. Содан кейін портал арқылы мемлекеттік сатып алу, репертуар мәселелері бар. Композиторлармен кездесіп, репертуар жағы қалай болады деген сұрағымызды қойдық», – дейді Қ. Байжанов атындағы концерт бірлестігінің басшысы Талғат Ыдырысов.

Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өткен жиынға елдің әр аймағындағы мәдениет өкілдері қатысты. Концерттік ұйым басшыларының басты міндеті – меморандум аясында ортақ шешімге келу, одан нәтиже көру.

«Іс-шара екі бағытқа бөлінеді. Біреуі – жалпы филармонияның өзінің арасындағы келісім, меморандумға қол қойылды. Екіншісі, бізден уәкілетті орган ретінде министрлікке ұсыныс берілетін болады», – деді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры Ақан Әбдуәлиев.

Оқи отырыңыз: Жаңа білім беру хабы: Орталық Азия университеттерінің ректорлары Алматыда бас қосты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир