|
01.12.2022 | 19:43
2033

«Операция «Алтын адам» фильмі көрермендерге жол тартты

Комедиялық туынды еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі

«Операция «Алтын адам» фильмі көрермендерге жол тартты Almaty.tv

Бүгіннен бастап «Операция «Алтын адам» фильмі көрермендерге жол тартты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Толықметражды комедиялық туындыны киносүйер қауым еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалай алады. Отандық өнімнің бас продюсері Құрманбек Жұмағалидің сөзінше, жаңа фильм танымал «Әкимат қайда қарап отыр?» веб-сериалындағы Нышанның бастан кешкен кезекті оқиғасы. Сюжет желісі бойынша басты кейіпкер еліміздің құнды экспонатын ұрлады деген күдікпен ұсталып, 24 сағат бойы оны іздестіреді. Айта кетейік, түсірілім жұмыстары 9 ай бойы жүргізілген. Сондай-ақ фильмде құнды жәдігердің түпнұсқасы емес, көшірмесі пайдаланылыпты.

«Киноны біз ыстық кезде түсіріп, кішкене уланып қалған кездер болды. Сонда да күннің астында аман-есен бітірдік. Халықтың өзі келіп, көріп, бағасын бергені дұрыс болар еді. Себебі, барлық құпияны ашып қойсақ, қызық болмайды», – деді актер Әбунасыр Серіков.

«Мен үшін ізденіске түсетін рөл болды. Барымды салып жұмыс істедім. Оның бағасын кқрермен бере жатар. Мінезі ауыр, органда жұмыс істейтін жігіттің рөлін ойнадым», – деді актер Рүстем Жаныаманов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир