|
19.11.2021 | 21:21
3612

Ұлы дала ақыны: Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай халықаралық жиын өтті

150-ге жуық адам жиылған ғылыми-танымдық ортада «Жамбыл жырау» атты кітаптың тұсауы кесілді

Ұлы дала ақыны: Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай халықаралық жиын өтті Almaty.tv

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған халықаралық конференция ақын атымен аталатын облыстың төрінде өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ұлы дала ақыны» атты жиынға Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және көршілес Қырғыз Республикасының белгілі ғалым-жазушылары қатысты.

Жалпы 150-ге жуық адам жиылған ғылыми-танымдық ортада «Жамбыл жырау» атты кітаптың тұсауы кесілгенін де айта кеткен жөн. Аталған жинаққа қырғыз елінің Ұлттық ғылыми академиясы мен кітапхана архивінен табылған, бұған дейін баспа бетін көрмеген тың туындылар топтастырылды. Әлемнің 160 тіліне аударылған Жамбыл шығармашылығы әлі де толық зерттеуді қажет етеді дейді жиналғандар.  

«Азат көзқарастың бір тармағына ақынға сыртынан таңылған өлеңдер мен сөздерді анықтап, оларды саралау жұмыстары да жатады. Бұл – отандық жамбылтану саласының алдында тұрған үлкен міндеттің бірі», – деді ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир