|
23.09.2022 | 19:54
7312

Димаштың дауысын естігенде 7 адам ән салып тұр деп ойладым – жанкүйер

Алматының төрінде алғаш рет Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

Димаштың дауысын естігенде 7 адам ән салып тұр деп ойладым – жанкүйер exk.kz

Бүгін Алматының төрінде алғаш рет Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайталанбас ерекше дауысымен әлемді тәнті ете білген, халқының маңдайына біткен жұлдыздың концертін отандастарымыздан бөлек, әлемнің 68 елінен жиылған жанкүйер тамашаламақ.

Атмосфера керемет! Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қазақстандықтардың дәл осы концертті асыға күткені көрініп тұр. Адамдар түстен бастап жинала бастаған. Қазір сағат 19:30 болып қалды. Шоудың басталуына санаулы минуттар қалды. Келген көрерменнің барлығы да Димашты көруге асық.

Димаш туралы 2 жыл бұрын білдім.  Содан бері мен Димаштан басқа ешкімді тыңдамаймын. Бір де бір концертін жіберген емеспін. Димашты жақсы көреміз, дауысы сиқырлы. Қазақ – осындай өнерпазы бар бақытты халық», – деді жанкүйер Марта Смит (АҚШ)

«Димаш үшін Қазақстанға келдік. Димаштың отаны ұнап жатыр. Тіпті, бешбармақ пен құрттың дәмін көріп, қазақтың мәдениетіне тамсандық. Түрлі жанрда өлең тыңдайтынмын. Димаштың дауысын естігенде 7 адам ән салып тұр деп ойладым. Димаштың дауысы керемет», – деді жанкүйер Билли Чонг (Малайзия)

«Билетті қызым Америкадан жіберді. «Әнұранды айтқанда бүкіл ел жылады» дейді ғой», – деді Алматы қаласының тұрғыны Фарида Шамшаева.

«Орталық стадионда бүгін 35 мыңға жуық көрермен болады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ қала қонақтарымен 400-ге жуық ерікті жұмыс жасап жатыр. Ал ұйымдастыру жұмыстарына түрлі мемлекеттің 200 маманы атсалысқан. Айта кетейін, ұйымдастырушылардың айтуынша, Димаш Құдайбергеннің ешкіммен сөйлеспегеніне бірнеше сағат болыпты. Ұлықпан Жолдасовтың айтуынша, әнші дауысын осылай сақтайды. Ал баласын қолдап жүрген әкесі Қанат Айтбаев ұлына тек сәттілік тілейтінін айтты.

«Димаштың концеріне сан-салалы елден келіп жатқан қонақтарға, қолдап жатқан азаматтарға алғыс айтамыз. Жақсы көңіл күйде әдемі концерт тамашалайтын күн көп болсын! Барлық шаңыраққа бақыт тілеймін», – деді әкесі Қанат Айтбаев

«Жақсы өтсе екен деп тілейміз. Димашқа қатты салмақ түсіп тұр. Біраз аспапта ойнайды», – деді әнші Ұлықпан Жолдасов

Халықтың көңіл күйі керемет! Жалпы билеттер 14-шілдеден бастап сатылған. Барлығы 30 мыңнан аса билет өтіпті. Алдын ала мәлімет бойынша Димаш Құдайберген 7 метрлік сахнаның төбесінен шығып, жеке концертін бастамақ. Айта кетейін көрермендер мен қала халқының қауіпсіздігі ерекше қамтамасыз етілген. ПД хабарлауынша мұнда дәл қазір 2500 жуық тәртіп сақшылары қауіпсіздікті торып жүр. Жедел жәрдем қызметі де жұмылдырылған. Концерт 3 сағатқа созылады деп жоспарланып отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир