|
02.11.2023 | 19:55
868

Отырар алқабының қалалық мәдениеті: Есік музейінде көрме ашылды

Көрмеде сирек кездесетін жәдігерлер, ескерткіштерге қатысты аэрофотолар мен карталар қойылған

Отырар алқабының қалалық мәдениеті: Есік музейінде көрме ашылды Almaty.tv

«Есік» музей-қорығында «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көрменің салтанатты ашылуында музей директоры Гүлмира Райылқызы «Есік» музей-қорығымен белсенді әріптестік орнатқан «Отырар» музей-қорығының қызметкерлері, мектеп мұғалімдерін арнайы марапаттады. Қонақтар делегациясын бастап келген Жангелді Махашов екі музей арасындағы әріптестік байланыстардың нығайып келе жатқанына тоқталды.

– Көне Отырарды зерттеу, ғылыми саралау – сонау ортағасырлық саяхатшылар мен тарихшылардан бері жалғасып келеді. Бүгінде Отырар әлемдік ескерткіш болып ЮНЕСКО тарапынан мойындалды. Қазір Отырар өңірін ғылыми зерттеу жұмыстары Ә.Марғұлан атындағы Археология институты мен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы жүргізіп жатқан қазба жұмыстарымен жалғасып келеді» – деді «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жангелді Махашов.

Көрме  – «Ұлы Жібек жолы және Отырар Х-ХІ ғғ», «Отырар Қарахан дәуірінде», «ХІV- ХV ғғ. Темір дәуіріндегі Отырар», «ХVІ-ХVІІІ ғғ. Отырар Қазақ хандығы тұсында», «Отырардағы жазба мәдениетінің пайда болуы»  тақырыптарын қамтыған.

Көрмеде «Отырар» музей-қорығы қоры жинағындағы археологиялық  жәдігерлер – керамикалық бұйымдар, нумизматикалық материалдар, шыныдан жасалған заттар, сирек кездесетін жәдігерлер, ескерткіштерге қатысты аэрофотолар мен карталар  ұсынылды.

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының» «Ұлы Жібек жолы және отырар алқабының қалалық мәдениеті» тақырыбындағы көрмесі «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында жыл соңына дейін ашық болады.

Оқи отырыңыз: Еліміздің ғалымдары тұрақты жалақымен қамтамасыз етіле ме

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир