Наурыз мейрамы: Өнер академиясында мерекелік концерт өтті

Наурыз мейрамы: Өнер академиясында мерекелік концерт өтті
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасы Наурыз мейрамы қарсаңында мерекелік концерт берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасы Наурыз мейрамы қарсаңында мерекелік концерт берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ұлы даланың сарындары» атты кеште әнші Рамазан Стамғазиев өзінің шәкірттерімен бірге сирек орындалатын халық әндерін және қазақ композиторларының әндерін шырқады. Ғылым ордасында өткен концертте өзге өнер майталмандары да ән мен жырдан шашу шашты. Ал «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының студенттерінен құралған «Алатау» фольклорлық ансамблінің өнерін қалың көпшілік ыстық ықыласпен тамашалады.  

«Әз-Наурыз – ел үшін, жұрт үшін жер әлемнің түлеген, жер әлемнің жаңғырған, жер ананың оянған, Самарқанның көк тасының еріген, Күн мен Түннің теңелген,  жылы жақтан құстар келіп, бұлақ көзінің ашылып, Жер-Ананың оянған кезі. Сондықтан Жаңа жылда ақ мол болсын, байлық болсын, жақсылық болсын, бейбітшілік өмір болсын!», – деп ақжарма тілегін білдірді Қазақстаннның еңбек сіңірген әртісі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының меңгерушісі Рамазан СТАМҒАЗИЕВ.


Новости партнеров