|
30.06.2023 | 20:40
1123

«Алатау» дәстүрлі өнер театры 5 жылдығын атап өтті

Мерейтойдан бөлек, кітаптың тұсауы кесіліп, жаңа қойылым көрерменге жол тартты

«Алатау» дәстүрлі өнер театры 5 жылдығын атап өтті Almaty.tv

«Алатау» дәстүрлі өнер театры 5 жылдығын атап өтті. Әрі маусымның жабылуымен тұспа-тұс келген мерейтой әдеби-мәдени, һәм рухани кешке айналды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерейтой қарсаңында өнер ордасының ұжымы театр тарихынан сыр шертетін жинақтың тұсауын кесті. Кітапта арғы-бергі тарих пен репертуар, театр әртістері туралы мағлұмат жинақталған. Тұсаукесерге Алматыдағы белді мәдениет өкілдері де арнайы келіп, құттықтау сөз, жылы лебізін айтты. Өнер ордасы болған соң еселенген қуаныш ән-күйсіз өтпейді. Орталық Азиядағы дәстүрлі бағыттағы жалғыз «Алатау» өнер театр ұжымы ұлттық өнерді насихатауда білек сыбана кірісіп кетті. 

– Кітапқа 5 жыл ішінде жинақталған ауқымды жұмысты енгіздік. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхат Әуезовтің «Айман-Шолпан» туындысын заман талабына сай лайықтап, сахналап отырмыз. Одан бөлек, сал-серілерге байланысты «Ән Мұхит» қойылымы бар, – деді «Алатау» дәстүрлі өнер театры әдебиет бөлімінің маманы Ардақ Беркімбаев.

Қосарланған қуаныш дегеніміз бекер емес. Мерейтойдан бөлек, кітаптың тұсауы кесіліп, жаңа қойылым көрерменге жол тартты. Ел ішінде 12 нұсқасы тараған «Қамбар батыр» жырын сахналау оңай болмапты. Осындай кешке асыға жеткен көрерменін өнер ұжымы қазақы салтпен ән-күйден шашу шашып, қарсы алды. Осылай театр ұжымы халыққа есеп беріп, маусымды аяқтады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир