Алматыда «Аманат» республикалық жыршылар фестивалі өтті
Almaty.tv
12 жыршы қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қаласы күніне орай «Аманат» республикалық жыршылар фестивалі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы мәдениет басқармасы мен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен өткен іс-шараның мақсаты – тарихымыздан дара дәстүрді жоғалтпай, ізін жалғаған жас жыршылар есімін кеңінен таныстыру, ұлттық өнерді дәріптеу. Елдің әр түкпірінен 12 жыршы қатысты. Олар екі бағыт бойынша өнер көрсетеді. Алғашқы бөлімде өздері арнайы дайындаған өсиет жырды орындаса, екінші кезеңде батырлар жырын көпшілікке ұсынады.
Айта кетейік, қала күніне орай 16 қыркүйекте сағат 15:00-де белгілі ақындардың қатысуымен айтыс өтеді. Кешті театрдың директоры Ринат Зайытов жүргізеді.
Мадина Оқас, «Алматы» телеарнасы
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33