|
08.11.2021 | 21:02
1044

Дәрежан Өмірбаев Токио кинофестивалінде«Үздік режиссер» атағын иеленді

Режиссердің «Ақын» фильмі «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген

Дәрежан Өмірбаев Токио кинофестивалінде«Үздік режиссер» атағын иеленді Фото: inform.kz

Қазақ киносы әлемде үздік атанды! Режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі 34-ші Токио халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссура» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.            

Фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген. Киноның сценарийі неміс жазушысы Герман Гессенің «Авторлық кеш» желісі бойыншы жазылған.

Кинотуындыда Дидар есімді жазушының өмірі баяндалады.

Айта кетейік, Токио халықаралық кинофистивалі 1980 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл оған қатысуға 113 елден 1533 өтінім келіп түскен екен. Соның нәтижесінде фестивальдің басты байқауына 15 кинотуынды іріктеліп алынды.   

«Отандық фильмнің әлем деңгейінде бағаланып жатқанына қуаныштымын. Бұл туындыныны мазмұны мен проблематикасы жағынан ұлттық кино деуге болады. Фильмде қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты мәселелер көтерілген», – деді кинорежиссер Дәрежан Өмірбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир