Жамбыл атындағы филармонияда Әзербайжан әуендерінің кеші өтті

Жамбыл атындағы филармонияда Әзербайжан әуендерінің кеші өтті
Мерекелік іс-шарада бауырлас елдің халық әндері орындалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күні кеше Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Әзербайжан әуендерінің кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мерекелік іс-шарада бауырлас елдің халық әндері, сондай-ақ, кеңестік және заманауи композиторлардың шығармалары орындалып, өнерсүйер қауымды өзгеше күйге бөледі.

Айта кету керек, екі елдің ортақ тарихы сонау түркі заманынан бастау алады. Ал Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан Әзербайжан халқы биыл Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде.   

«Бүгін әзербайжан-қазақ мәдениетін, олардың музыкасын көрсеткіміз келеді. Тәуелсіздігімізді атап өтуге жағдай жасаған Қазақстанның Мәдениет министрлігіне алғысымды білдіремін. Біз үшін бұл үлкен жетістік», – деді Қазақстандағы Әзірбайжандар қауымдастығының басқарма мүшесі Гарип Мамедов.

Филармонияның көркін келтірген кеште Олжас Сүлейменов те бой көрсетті. Концерт барысында биыл өзінің 85 жылдық мерейтойын атап өтетін халық жазушысына арналған туындының да тұсауы кесілді. Ал қазақ ақынының тұлғасы мен шығармашылығына арналған «Reverie Rewire» еңбегінің авторы, композитор Лейла Романова іс-шараға қатысу үшін арнайы Алматыға келіпті.  

«Бағдарлама біз үшін ерекше, себебі бүгін Әзербайжан композиторларының туындыларын орындаймыз. Музыка арқылы жаңа мәдениетпен танысқан ұнайды. Көрермендер концерттен ләззат алады деген ойдамын», – деді ҚР халық әртісі Гаухар Муразбекова.

Новости партнеров