Спектакль Семей ядролық полигонының адамзатқа әкелген зардабы мен тағдыр тәлкегіне ұшыраған халықтың тіршілігін көрсетеді
Араға жылдар салып, аты аңызға айналған «Мәңгілік бала бейне» қойылымы қалың көрерменге тағы да жол тартты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақ сахна әлемін дүр сілкіндірген Болат Манашұлының әйгілі туындысы жаңа көзқараспен ашылып, жаңғырды. Спектакль Семей ядролық полигонының адамзатқа әкелген зардабы мен тағдыр тәлкегіне ұшыраған халықтың тіршілігін көрсетеді. Жаңарған қойылымның актерлік құрамы да толықтай дерлік ауысқан.
«Енді ондай бір қиын дүниелер болған жоқ, өйткені алдымызда ойнап кеткен кісілердің бейнежазбасы бар. Біз тек соны алып шықтық, бірақ дәл сондай көңіл күйде ойнап шығу мүмкін емес, әр адамның өзінің табиғаты бар. Сондықтан қатты қиналған кезіміз болған жоқ», - деді театр және кино актері Жанат Тінбаев.
Оқи отырыңыз: Ұлытау облысында ірі сауда желісінің қызметкерлері жұмыссыз қалудан қауіптенеді