Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында "Дон Паскуале" операсы сахналанады. Қойылымның режиссері арнайы Италиядан келіпті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл спектакль Алматыдағы опера және балет театрында ең алғаш рет 1955 жылы қойылған. Оны жаңаша тұрғыдан жаңартып, көрермен назарына ұсыну үшін 1 ай уақыт кетті. Нәтижеде опера ежелгі замандағы әйелдерді азат ету символы ретінде қойылып отыр. Сондай-ақ мұнда 1800-1950 жылдардағы Италияның көрінісі ашық бейнеленеді.
«Бұл туындыны биылғы «Жастар жылымен» байланыстырып отырмыз. Актерлік құрамда ойнайтын әртістердің бәрі жастар. Спекталь арқылы жас әртістер өздерінің шеберліктерін тағы бір мәрте шыңдауға мүмкіндік береді. Комедия – өте күрделі жанр. Көрерменге ұсынуда өзіндік қиындықтары мен ерекшеліктерін ескеру қажет. Дайындықта барлығы пысықталды», - деді Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры Ая ҚАЛИЕВА.
Спектальдің жанры – комедия. Бұл қойылымды актерлық құрам тек Алматы жұртшылығына ұсынып қана қоймай, Қазақстанның барлық қаласын гастрольдік сапармен аралауды да жоспарлап отыр. Әлемге әйгілі болған операны алматылықтар 12-13 желтоқсан күндері сағат 18:30-да Абай атындағы опера және балет театрынан тамашалай алады.