Танымал актер Владимир Коренев 80 жасында коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі bbc.com сілтеме жасап. Халық әртісінің қайтыс болуына байланысты Ресей президенті Владимир Путин актердің жақындарына қайғыра көңіл айтты.
«Владимир Коренев сегіз қырлы дарын иесі ғана емес, орыс драма өнері мектебінің көрнекті өкілі болды. Оның кино және театр сахнасында сомдаған ұмытылмас образдары орыс мәдениеті тарихында мәңгі қалады» — делінген Кремльдің баспасөз қызметі жіберген хабарламада.
Актер 50-ге жуық рөл сомдаған. Олардың қатарында «Дети Дон-Кихота» (1966), «Много шума из ничего» (1973), «Криминальный талант» (1989) сияқты фильмдер мен «Убойная сила», «Дети Арбата», «Последняя исповедь», «Предчувствие», «Орлова и Александров» сынды сериалдар бар. Дегенмен «Человек-амфибия» фильмі оның халық арасында танымал болуына үлкен септігін тигізді.