|
14.12.2020 | 22:56
1456

Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрі Тәуелсіздік күніне орай концерт өткізді

Оркестр халық және әлемдік композиторлардың әуендерін орындап қала тұрғындары мен қонақтарының құлақ құрышын қандырды

Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрі Тәуелсіздік күніне орай концерт өткізді

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі «Тәуелсіздік – тұғырым» атты концерт өткізді. Мерекелік кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, мәдениет саласының үздіктері мен Халықаралық конкурстардың лауреаттары өнер көрсетті. Оркестр халық және әлемдік композиторлардың әуендерін орындап қала тұрғындары мен қонақтарының құлақ құрышын қандырды. Салтанатты шараға Almaty.tv тілшісі Сымбат Ноғай да қатысып қайтты.  

Азаттық ардақталған кеште Дина Нұрпейісованың «16 жыл», Дәулеткерейдің «Қосалқа» және Құрманғазының «Сарыарқа» күйі тартылды. Ал әлемдік классиканың жауһарларынан Ференц Листтің «2 Венгр рапсодиясы» орындалды. Көптің ықыласына бөленген өнерпаздар «азаттықты жырлау – азаматтық борышымыз», - деп біледі.

«Осы егемендігіміз бүкіл алыл-жақын шетел ғана емес, бүкіл дүние жүзіне де белгілі болды. Онымен қоса, өзім тәуелсіздіктің құрдасы болғандықтан, өзім керемет сондай бір сезімдемін», – деді Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Абылай Тілерберген.

Тәуелсіздік пен мен туған жердің айбынын жырлаған өнер иелері көрерменнің қошеметіне бөленді.

БЛИЦ-1:

– Қазақ өнері үшін, өнер сүйер қауым үшін жасай берсін деп тілейміз. Өте керемет болды концерт.

– Концерттен алған әсеріміз өте керемет.

– Тәуелсіздік күніне арналған мерекеміз құтты болсын дегім келеді. Мына Құрманғазы атындағы академиялық консерваториясының ұжымына көптен көп рахмет айтамын.

Атаулы мерекені Алатау дәстүрлі өнер театры да керемет сазды кешпен атап өтті. «Көк тудың желбірегені» атты концертте театр әртістері, би ансамблі мен әншілер жиналған қауымға өнер көрсетті.

«Концертке «Көк тудың желбірегені» деген ат қойыпты. Менің өлеңмнің аты, жұрт біледі. Осылай ат қоюға лайықты концерт. Себебі бүгін сол көк туымыз көкке шалқып, қазақ халқының бостандығын желбіреткен күн. Қазақ халқының азаттығын, қазақ халқының ұлттық мемлекеттігін көрсеткен күн», – деді Қазақстанның мәдениет қайраткері, ақын Алмас Ахметбек.

Мерекелік концерттерде карантин талаптарының сақталуы да пысықталды. Залда қонақтар шахматтық тізбекпен отырғызылып, бетперде киюі жіті қадағаланды.

Сымбат Ноғай, Сағынғали Мұңайтбасов, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир