|
01.05.2020 | 23:01
10197

Батырхансыз өткен 5 жыл: әлемдік эстрада майталмандары әншіні қалай еске алды

«Мен үшін сен гастролде жүрген сияқтысың. Дәл қазір қайтып оралатындай»

Батырхансыз өткен 5 жыл: әлемдік эстрада майталмандары әншіні қалай еске алды

Қиындық пен қуанышта қазақ қашанда батырымен бірге болған. Елім дейтін ерді елі де қолдады. Батырхан Шүкенов бүкіл ТМД мемлекеттерін мойындатып, Батысты да өнерімен тәнті етті. Оның есімін әлемдік эстрада майталмандары жақсы естеліктермен еске алады. Осылайша қазақтың ән Батыры әлемге өзінің ғана емес, ұлтының да атын әйгілі қылды. Осыдан 5 жыл бұрын келместің кемесіне мінген оны әріптес-достары әлі күнге дейін күтетін сыңайлы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шум:

1. Орның ойсырап тұр. Мен үшін сен гастролде жүрген сияқтысың. Дәл қазір қайтып оралатындай.

2. Біз бір-бірімізге ұқсамайтынбыз. Бірақ екеуміз де тәуір музыканы жақсы көрдік. Біздің пір тұтқан әншіміз Стиви Уандер болды.

3. Ол Қазақстандағы әншілерден ғана емес, сол сияқты барлық әншілерлерден де ерекшеленіп тұратын.

Қазақтың қарапайым ғана батыры туралы шетелдік және отандық әріптестерінің пікірі қашанда биікте. Ал, Батырдың өзі музыка шыңынан аласарған емес. Кейбірі оның өмірден өткеніне әлі сенбейтінін айтады. Иә, кейбірі емес, ешкімде сенгісі жоқ. Ән әлеміндегі әртістер Батырхан Шүкеновтың адал дос, шыншыл азамат әрі әрдайым күліп жүретін адам ретінде еске алады. Бауырмалдық қасиеті оны кең етті, соның арқасында кем болмады. Керісінше, кең пейілімен адамзат арасында абыройлы азамат болды.

«Батырхан әнші еді. Орысша айтса да, қазақша айтса да, тіпті ағылшынша айтса да ол әнші болып қалды. Ол кімнің болсын жүрегінің пердесін, жан дүниесін өзінің дауысымен тербеп өтетін. Оның өнері үшін көп рақмет», – деді Б. Шүкеновтың досы , әнші Томас НЕВЕРГРИН (Дания).

Арман Дәулетияров Батырды күліп еске алады. Алғаш жұмысқа орналасқанында Арманға талай қол ұшын созып, қиын кезде көмектескенін ол ешқашан естен шығармаймын дейді. Ән Батыры әр адамның көңілін көтеріп, кез келген жанның жүрегінен орын алатын еді дейді.  

«Әуежайдан шықсам, күн ыстық, жаздың кезі болатын. Жан-жағыма қарасам, Батыр тұр екен, бір қолында балмұздақ, ал екінші қолында үрленген шарларды ұстап алыпты. Кел, кел, енді тезірек кел, мына балмұздақ еріп бара жатыр деп айқайлайды. Содан кейін біз көлікке мініп жүріп кеттік, мен әлгі шарларды терезеден ұшырып жібердім де балмұздақты жеуге кірістім. Бақыттан басым айналғандай болды», – деді Б. Шүкеновтың досы Арман ДӘУЛЕТИЯРОВ.

Арман Дәулетияровтың сөзінше, дәл солай оны кішкентай кезінде ата-анасы күтіп алған екен. Батыр сол естелікті естіп, іс сапардан келгенде досына осындай тосын сый жасаған. Бұл – Батырдың адамдарға деген кіршіксіз таза ниеті, ақ пейілі. Жүрегі кең, көңілі көтеріңкі жанды осыдан дәл бес жыл бұрын ақтық сапарға шығарып салды ел. Ал, әншімен қоштасуға келген қалың жұрт «ДОЖДЬ» әнін бірге айтып, жылаған еді.    

Жақсының өзі кеткенімен, артында мол мұрасы қалды. Аты аңызға айналған әншінің туындылары тыңдармандардың жүрегінде  мәңгі сақталмақ. Батырхансыз өткен бес жыл.

Өмір Әнуарбек, «Алматы» арнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир