Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның бастамасымен «Жануарлар – менің достарым» республикалық сурет байқауы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv
Балалар арасында өтетін сайыстың жеңімпазы Австрия астанасы Вена қаласындағы көрмеге қатыспақ. Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша "СOVID-19" пандемиясын ел болып ескерсек, жас суретшілерге әлем тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік туады.
«Жобаның негізгі идеясы – балалардың шығармашылық түсінігі арқылы жануарлар әлемін сақтап қалу мәселесін шешуге көмектесу. Байқау идеясын балалардың өздері ұсынды деуге болады. Олар ересектердің үй жануарларына жасаған қатігездігі мен жабайы табиғатты мақсатсыз жоюға қатысты мәселелерді сынап әлеуметтік желілерде өз пікірлерін білдірген», – деді Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан САИН.
Аружан Саинның пікірінше аталған байқау балалардың өз құқықтарын жүзеге асыруға, міндеттері мен мүмкіндіктерін пайдалануға үйретпек. Гуманизм мен мейірімділікті бала кезден қалыптастыру үшін және карантин кезінде жеткіншектердің уақытын тиімді пайдалауға септігін тигізеді.
«Авторларымыз жұмысын толықтай өзі жасауы тиіс. Бір автордың бірден үшке дейін жұмысы қабылданады. Салған суреттің тақырыбына арналған эссе де жолдауға болады. Жұмыстарды 30 маусымға дейін қабылдаймыз. Өз жұмыстарын балалар alembala.kz сайтына жібере алады», – деді Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан САИН.