|
21.03.2024 | 10:46
3210

Үш жасар қыз ерекше ауруға шалдықты: әйнек пен ағаш жей бастаған

Заманауи медицина пика дертін темір тапшылығының белгісі ретінде қарастырады

Үш жасар қыз ерекше ауруға шалдықты: әйнек пен ағаш жей бастаған elements.envato.com

Уинтер есімді бүлдіршін қабырғадағы бояу, резеңке мен сынған шыны бөліктерін жемеуге құмар. Анасы қызын секунд сайын бақылап отыруы керек екенін айтады, өйткені ол түнде балалар арбасы мен өзінің жамылатын көрпесін шайнауға тырысады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі onnews.kz-ке сілтеме жасап.

- Ол үйдегі бүкіл заттарды жей береді. Жаңа диван сатып алғанмын, оның да бөліктерін тістеп үлгерді, – дейді анасы.

Анасының айтуынша, қызға түрлі тәттілер де беріп көрген. Бірақ айналадағы заттарға деген оның тәбеті еш басылмаған. Тамақтану үшін ол пластикті таңдайды екен.

Бүлдіршінге аутизм және пика (парореция, аллотриофагия немесе дәм сезудің бұзылуы) деп аталатын диагноз қойылған. 

Пика ауруына шалдыққандарда әдеттен тыс және жеуге болмайтын нәрселерді (бор, тіс ұнтағы, көмір, саз, құм, мұз, шыны, ағаш), сондай-ақ шикі қамыр, тартылған ет, жармаларды жеуге деген құлшынысы болады.

Заманауи медицина пиканы темір тапшылығы анемиясының симптомы ретінде қарастырады. Бұл әсіресе жүктілік кезінде әйелдерде, жас балаларда және психикалық дамуы бұзылған адамдарда, соның ішінде аутизмде жиі кездеседі.

Оқи отырыңыз: Ашығу адам ағзасына қалай әсер етеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир