Аустралиялық ғалымдар мұрынды шұқу әдеті миды зақымдауы мүмкін екенін ескертті. Олардың жүргізген зерттеуінің нәтижесі Biomolecules журналында жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Ғалымдардың айтуынша, мұрынды шұқу әдеті мен Альцгеймер ауруы дамуының арасында байланыс бар. Бұл әдет мұрын қуысына зиян қоздырғыш бактерияларды енгізіп, қабынуға және деменция қаупінің жоғарылауына әкеп соқтыруы мүмкін.
Мұрын – адамның тыныс алу мүшесі. Бүкіл тыныс алу жүйесінің басында тұрған цикл. Мұрынның табиғи биологиялық фильтр екенін бәріміз білеміз. Сырттан келген шаң-тозаң мен аллергендерді ішкі ағзаға жібермей ұстап қалады. Ондай аллергендер еніп кетсе, адамның астмасы ұстауы, өкпесі қабынуы мүмкін.
Мұрын ішіндегі шырышты қабық тіпті вирус пен бактерияларды да ұстап қалады екен. Әсіресе, қорғасын, асбест, тозаң сынды патогендерді ішке жібермейді. Бір қызығы мұрында адамның иммунды жүйесімен байланысып жатқан антидене, фермент сынды қорғаныс құралдары да бар көрінеді.
Арғы жағын енді өзіңіз ойлап көріңіз. Мұрын ішке жібермей ұстап қалған патогенді сіз қолмен шұқып, ол қолды жумай, қауіпті аурудың таралуына себепші болуыңыз мүмкін.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар бүйрек тасы ауруынан қорғайтын сусынды атады