Қызыл ет қант диабетін тудырады
Қадірлі қонағына ас салып, ет аспай қонақ күтпейтін ағайын үшін жағымсыз жаңалық. Ғалымдар сиыр еті мен қой етінің диета кезіндегі аз ғана мөлшері қант диабетінің даму қауіпін едәуір арттыратынын анықтады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Қызыл ет жеу екінші типтегі қант диабетінің дамуына түрткі болуы мүмкін. Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің зерттеушілері осындай қорытындыға келді. Ғалымдар 200 мыңнан астам науқастың денсаулығы мен тамақтану әдеті туралы деректі талдап, 36 жыл бойы зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижесінде қуырылған, бұқтырылған және қайнатылған қызыл етті, шұжықтар мен тұшпара түріндегі қызыл ет ұнататындарда қант диабетінің туындау қауіпі жоғары болып шықты.
Ғалымдар пікірінше, аптасына екі рет қызыл ет жеу екінші типтегі қант диабетінің даму қаупін 62 пайызға арттырады, өңделген еттің әрбір қосымша тәрелкесі тағы 46 пайызға, өңделмеген ет 24 пайзыға арттырады. Сондықтан "денсаулықты оңтайландыру" үшін аптасына бір рет қана қызыл ет жеген дұрыс шешім дейді ғалымдар.
Сонымен қатар ғалымдар етті бұршақ дақылдары сияқты басқа ақуыз көзімен алмастыру екінші типтегі қант диабетінің туындау қаупін 30 пайыз төмендететінін атап өтті.
Қызыл еттің зияны
Қызыл етті ұзақ уақыт бойы шамадан тыс тұтыну жүрек ауруы, қатерлі ісік және ерте өлімге әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Десекте табиғи ет-ақуыздың, дәрімендердің және темір, мырыш, В дәрумендері сияқты минералдардың тамаша көзі. Ал ақуыздың жетіспеушілігі сіздің қалқанша безіңізге әсер етуі мүмкін. Сондықтан ғалымдар диетаны жоспарлау кезінде еттен толығымен бастартуға болмайтынын жеткізді.
Пайдалы балама
Қызыл еттің орнына дәрігерлер тауық немесе күркетауық таңдауға кеңес береді. Күркетауық - бұл диеталық ет, оның құрамында май аз, Е және А дәрумендері мен антиоксиданттар бар. Сондай-ақ күркетауықтың етінде натрий көп және ол қатты тұздауды қажет етпейді. Оның құрамында тауыққа қарағанда темір көп және остеопороздың алдын алатын кальцидің жеткілік көзі бар деп саналады. Тауық еті де өте пайдалы. Оның ақуызы ағзаға оңай сіңеді, құрамында А дәрумені көп, ағзаға қажет барлық аминқышқылдарының шамамен 92 пайызы бар.
Оқи отырыңыз: Тоңазытқышта қандай тағамдар ұзақ сақталады