Шаштың ұшын қимаса не болады

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Шамадан тыс құрғақ шашпен күрес
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шаш күтімі жөнінде дерматолог, трихолог мамандары бірнеше пайдалы кеңестерін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

 Шашын ұзын етіп өсіргісі келетін қыздарға маманнан бірнеше кеңес ұсынылады.

 - Ұштанған шасты уақытылы қимау оның одан әрі бұзылуына әкеп соғады. Шаш ұштанғанда оның қорғаныш кутикуласы жоқ екенін білдіреді. Бұл кейін шаштың түбіне дейін таралуы мүмкін. Уақытылы ұшын қиып отырмаса талшықтары сынғыш, құрғақ болып кетеді. Күтім жасалмаған бұрымның сыртқы көрінісі ғана емес ішкі құрылымы да түбейгейлі өзгеріске ұшырайды, - дейді трихолог Ольга Саперова.

Шаш зақымданғанын білдіретін белгілер:


Сынғыш болуы.

Шамадан тыс құрғақтық.

Барлық күтім құралын қолданғаннан кейін де жаңадан ұштанудың пайда болуы.

Шашты қаншалық жиі қиып тұру керек?


Әдетте мұның бәрі адамның талғамы мен әдетіне байланысты.

- Әдетте шаштың ұшын әр 6-8 аптада қию ұсынылады. Бірақ шашыңыз жылу немесе химиялық әсерге ұшыраған болса, онда мұны жиірек істеуге тура келеді, - дейді трихолог Ольга Саперова.


Ұзын шашты армандайтындар не істеуі керек?


Маманның айтуынша ұзын бұрымды өсіргіңіз келсе ай сайын 1 сантиметрден ұшын қиып отыру керек. Бұл - шаштың сапасын сақтаудың ең жақсы әдісі.

Кейбір жағдайларда шаш ұшын ылғалдандырғыштар мен қоректік заттар көмегімен сақтауға болады. Алайда шаштың ұштары тым зақымдалған болса, оны қалпына келтіру мүмкін болмайды. Бұл жағдайда қиып тастаған жөн.

Оқи отырыңыз: Сальвадорда әлемдегі ең сұлу қызға тәж кигізді

Новости партнеров