Никарагуалық 23 жастағы Шейннис Алондра Паласиос Корнехо Сальвадорда өткен 72-халықаралық «Әлем аруы» байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
Екінші орынды Таиланд өкілі, 27 жастағы Аннтония Порсильд иеленді.
«Әлем аруы» — жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық байқау және әлемдегі ең беделді сұлулық байқауларының бірі. Биыл 80 астам елден жиналған сұлу қатысты. Шейнис Паласиос «Әлем аруы» атағын жеңіп алған Никарагуадан шыққан алғашқы әйел атанды.
Ол 2000 жылғы 31 мамырда Никарагуаның Манагуа қаласында дүниеге келген. Паласиос Орталық Америка университетінде бұқаралық коммуникациялар мамандығы бойынша білім алды.Сол уақытта университет атынан волейболға қатысты. Бойы — 1,8 метр.
Айта кетейік, «Әлем аруы» байқауына Қазақстан атынан алматылық 20 жастағы Томирис Заир де қатысты. Алты тілде сөйлейтін оның ұлты — қазақ. Томиристің бойы 179 сантиметр, салмағы 52 келі.
Оқи отырыңыз: Көңіл-күйді көтеретін 5 тағамды біліп жүріңіз