|
10.12.2021 | 08:50
4899

Алматыда онкологтар бірегей ота жасап, 56 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды

4 сағатқа созылған ота сәтті өтті

Алматыда онкологтар бірегей ота жасап, 56 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды Пресс- служба АОЦ

Алматы онкологиялық орталығының дәрігерлері ауыр диагнозбен 1965 жылы туған әйелге ота жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның бауырында, ұлтабардың түсу бөлігінде ІІІ дәрежелі жоғары көтерілетін тоқ ішектің қатерлі ісігі, паранефральдік майлы өзек және илеоколика вена тромбозы болған. 

«Тексеру кезінде науқаста ісіктің ыдырауы да анықталды. Жабық ішек перфорациясы. Токсикалық-анемиялық синдром. Ауыр анемия. Пациенттің жай-күйі өте қиын болды», – дейді орталықтың онколог-хирургы Нұрлан Балтаев.

Орталықтың онкологтары күрделі бірегей ота жасады: лапаротомия, оң жақта гастропанкреатодуаденальды резекциямен кеңейтілген біріктірілген гемиколэктомия, бауырдың VI сегментінің резекциясы, оң жақтағы паранефральдік майлы тіндердің резекциясы, илеоколиялық венаның тромбоэктомиясы, лимфодиссекция.

4 сағатқа созылған ота сәтті өтті.

Операциядан кейінгі кезең ешбір қиындықсыз өтіп, науқас 14-ші күнің ішіде жағдайы жақсарды.

Өз кезегінде онкологтар Алматы тұрғындарын тіркелген жері бойынша қалалық емханаларда белсенді түрде тегін скринингтен өтуге шақырады, өйткені мегаполисте скрининг пен онкологиялық науқастарды ерте диагностикалаудың артуы арқасында қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім төмендеді. Кейінгі кезеңдерде аурудың белгілері пайда болған кезде және ісіктің таралу ықтималдығы бар болса, ауруды емдеу күрделене түседі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир