|
18.07.2020 | 09:13
4996

Науқастарды эшелондау жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді – Алматы жедел жәрдем станциясының бас дәрігері

Эшелондау және бағдарлау мәселелері түсіндірілді

Науқастарды эшелондау  жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді – Алматы жедел жәрдем станциясының бас дәрігері КазТАГ/©Мадина Алимханова.

Науқастарды эшелондау, тексеруге кететін уақытты қысқартуға және жұқтыру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Алматы қалалық жедел медициналық көмек көрсету станциясының бас дәрігері Біржан Оспанов өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында жүргізіліп жатқан жұмыстар, соның ішінде коронавирус мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атап айтқанда, Біржан Оспанов жедел жәрдем шақыруларын эшелондау және бағдарлау мәселелерін түсіндірді.
«Жедел жәрдем шақырулары бойынша баруды эшелондау және бағдарлау біздің қызметті жақсартып, оған ұйымдасқан түрде келуге мүмкіндік берді. Жұмыс істеген соңғы апталарда біз алға біраз ілгеріледік. Өтініштердің азайып келе жатқаны байқалады, жедел жәрдем жұмысын дұрыс ұйымдастыру есебінен дұрыс бағдарлау мен дислокациялау көмегімен біздің қол жеткізген нәтижеміз жаман емес», - деп хабарлады Б.Оспанов.
Қазіргі уақытта Алматыдағы клиникалар аймақтық және аумақтық қағидалар бойынша бірнеше эшелондарға бөлінген. Бірінші эшелонда құрамында жүз және одан асатын реанимациялық орындары бар ірі клиникалар бар. Онда ауруханаға жатқызу көрсеткіштері бар, ауыр және орташа ауырлық жағдайындағы науқастар жеткізіледі. Екінші эшелонға жататын орындар қоры мен жан сақтау қуаты аздау стационарлар жатқызылады.

«Осылай бөлу жедел жәрдем станциясының жұмысын тиімді етіп реттеуге мүмкіндік береді. Шақырту түскен жерге жету уақыты 15,4 минутты құрайды», - деп түсіндірді жедел жәрдем станциясының бас дәрігері, соған қарамастан шақыртулар бойынша  қажетті уақыт көбірек кетеді, себебі әрбір шақырту түскен сайын жеке қорғаныс құралдарын, обаға қарсы костюмдерді киюдің өзі қосымша уақытты алады.
Жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес, науқастар ағынын коронавирус инфекциясына күдікті және оны жұқтырғандар деп міндетті бөлу қарастырылған. Стационарларды бағдарлау және эшелондау науқастар ағынын бөлуге бағытталған.
«Науқасқа диагноз қоюда жедел жәрдем қызметіне ПТР тексеру үшін КТ-сы бар стационарлар мен клиникаларға бару қажет. Бағдарлаудың өзі осыған бағытталған. Біздің тарапымыздан компьтерлік томография жасайтын 30 орталық анықталды, олар стационарлы және емханалық деп бөлінетін болады. Біз  науқастарды ауруханаға жатқызуға апара жатқанда бізбен белгіленген стационарда және бізбен белгіленген емханада орналасқан КТ арқылы өтеміз. Сол жерде КТ жасалып, өкпенің қаншалықты зақымданғаны анықталғаннан кейін, пациенттерді стационарға жолдаймыз», - деп атап өтті Б.Оспанов.
Маманның айтуынша, осы процесс барысында тексеруге кететін уақыт азаяды, бір жағынан пациенттер ағыны бөлінгеннен кейін, ол өз кезегінде жұқтыру қаупін азайтады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир