1979 жылы алғаш рет бүйрекке ота жасалды
Биыл Қазақстанда алғаш рет Донор күні аталып өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1996 жылдан бері Еуропада аталып өтетін бұл күннің мақсаты - қоғам мен медицина арасындағы сенімді нығайту.
2023 жылғы 10 қыркүйектегі ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығының күту парағындаға дерекке сай, бүйрекке, бауырға, өкпеге, жүрекке және жүрек-өкпе кешеніне мұқтаж 3953 пациент бар.
2012 жылдан бері 2475 науқастың ағзасы ауыстырылды. Оның ішінде 1833 бүйрек, 472 бауыр, 90 жүрек, 19 өкпе, 2 ұйқы безі, 59 қабықша трансплантациясы жасалды.
1979 жылы Сызғанов атындағы ҰХО алғаш рет бүйрекке ота жасалды.
Донор күні Қазақстан халқын игі іс жасауға, адамзат баласы үшін маңызды бастаманың бір бөлігі болуға шақырады.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында оқушы мектептегі темірге құлап, ауруханаға түсті