Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, денсаулық саласындағы түйткілді мәселелерді шешу үшін ауданда бірқатар жұмыстар жүріп жатыр:
1) «Кеңсай» ықшамауданында ауысымына 120 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Аталған нысан биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.
2) «Алатау» ықшамауданында қалалық аурухананың сейсмотұрақтылығын күшейте отырып, күрделі жөндеу жүргізуге Жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленеді. Жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтау2023 жылдың III тоқсанына жоспарланған.
3) «Думан» ықшамауданында ауысымына 500 орындық жаңа емхана салынады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2023 жылдың ІІІ тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз.
4) Сондай-ақ, Горный гигант ықшамауданында биыл ауысымына 400 келушіге арналған емханасы және амбулаториялық хирургия орталығы бар «Mediker Hospital International» жекеменшік клиникасының құрылысы аяқталды.