Алматыдағы «Нұршашқан» ықшамауданында «Денсаулық сақтау» айлығы басталды

Алматыдағы «Нұршашқан» ықшамауданында «Денсаулық сақтау» айлығы басталды
Айлықтың мақсаты – медициналық қызметке бір қадам жақын болуды қамтамасыз ету
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Түрксіб ауданы «Нұршашқан» ықшамауданында Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен «Денсаулық жылы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Денсаулық сақтау» айлығы басталды.

Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасы  ұйымдастырған шара 1-30 тамыз аралығында  қаланың сапалы медициналық қызметке зәру аудандарына мобилді топтарды жібереді.

Денсаулық айлығына басқарманың Алматы қаласындағы ведомстволық бағынышты медициналық ұйымдары қатысады. Айлықтың мақсаты – медициналық қызметке бір қадам жақын болуды қамтамасыз ету.

Басты міндет – бірінші кезекте балалардың, азаматтардың денсаулығын сақтау мен нығайту және профилактика. Тұрғындарды жан-жақты тексеру үшін жылжымалы кешендер қажетті қондырғылармен толық жабдықталған.

Терапевтер, педиатрлар ,кардиологтар және басқа да білікті дәрігерлер қабылдаулар жүргізеді. Денсаулық айлығы барысында қалалықтар ағзадағы холестерин, қандағы қанттың деңгейін білу үшін сараптамадан, ВИЧ-ке және тері-соз ауруларына қатысты экспресс- тестілеуден өтеді, дене салмағы бойынша антропометриялық қорытынды алады, көз қысымын өлшетіп, ФГ арқылы тексеріледі және фтизиатордың қабылдауында болады.

Бұлардан өзге, медицина қызметкерлері «Халықты тіркеудің регистрі» бойынша толық мағлұмат береді, мобилді қосымшамен қалай жұмыс жасауға болатындығын түсіндіреді.Қалалықтарға скрининг және міндетті медициналық сақтандыру бойынша толық ақпарат ұсынылады.

Денсаулық айлығы кезінде: флюорография, рентген аппараттарымен жабдықталған бес машина, КамА базасы негізінде екі жылжымалы медициналық кешен (ЖМК), ПАЗ базасы негізінде бір ЖМК; диагностикалық қондырғы (ЭКГ, Рентген- зерттеу, ФГДС)  қызмет көрсететін болады. Тұрғындарға кардиолог,пульмонолог,терапевт,стоматолог, акушер-гинеколог кеңес береді.


Новости партнеров