|
01.08.2019 | 09:39
3625

2019 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

2019-2020 оқу жылына 53 785 грант бөлінді

2019 жылғы мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

2019 жылғы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін 2019 жылғы білім гранттары қалай тағайындалатынын жазған болатынбыз.

2019-2020 оқу жылына 53 785 грант бөлінді. Конкурсқа 64 452 түлек қатысты. Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің 47%-дан астамы инженерлік, өңдеу және құрылыс, IT-технологиялар саласына бөлінген.

Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігі абитуриенттердің жекелеген санаттарына қанша грант бөлінетінін жариялаған еді.

ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, байқау нәтижесін Ұлттық тестілеу орталығы, «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» сайттарында және «Байқаудың нәтижесін біл (Узнай результаты конкурса)» телеграм-ботта көруге болады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир