АҚШ-та маймыл шешегінен алғашқы адам өлімі анықталды

tass.ru
tass.ru
Ауруға шалдыққандар саны бойынша Калифорния және Нью-Йорк штаттары көш бастап тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Техас дәрігерлері маймыл шешегіне шалдыққан пациенттің көз жұмғанын мәлім етті. Бұл – АҚШ-та осы ауруды жұқтырғаннан кейін болған алғашқы кісі өлімі, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көз жұмған азамат Харрис округінің тұрғыны болып шықты, ол бірқатар ілеспелі аурудан зардап шеккен. Жергілікті денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хабарламасында айтылғандай, маймыл шешегі науқас өлімінің негізгі себебі болған-болмағаны әлі белгісіз. Патологиялық-анатомиялық сараптаманың нәтижелері кейінірек жарияланады.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу федералды орталықтарының мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта елде маймыл шешегін жұқтырудың 18 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Ауруға шалдыққандар саны бойынша Калифорния және Нью-Йорк штаттары көш бастап тұр. Онда сәйкесінше 3 291 және 3 197 жағдай тіркелген. Техас штатында, соңғы мәліметтер бойынша, 1 604 адамнан маймыл шешегі анықталған.

Новости партнеров