|
12.05.2023 | 09:51
1637

Жасөспірім қыздың асқазанынан 1 келіден астам шаш шықты

Анасының айтуынша, қыздың кішкентай кезінен шашты, жүннен жасалған бұйымдарды жұтатын әдеті болған

Жасөспірім қыздың асқазанынан 1 келіден астам шаш шықты Минздрав РК

Тараз дәрігерлері 12 жастағы қыздың асқазанынан салмағы 1 келіден асатын кесек шашты алып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде Тараздың 12 жастағы тұрғынына сирек диагноз қойылып, соның салдарынан асқазанда шаш кесегі (трихобезоар) жиналды.

Анасының айтуынша, қыздың кейінгі 6 айда іші жиі ауырған, тәбеті төмендеген, салмақ жоғалтқан. Олар емханаға гастроэнтерологқа барып, ем алған. Алайда нәтиже болмаған соң Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасындағы балалар хирургына консультация алу үшін жүгінген, ауруханада арнайы зерттеп-қараудан (УДЗ, іш қуысының КТ, ФГДЭС) өткеннен кейін асқазанда бөгде зат табылды. Қыз шұғыл емдеуге түсті.

"Пациенттің асқазанынан шамамен 1,2 келі бөгде зат – трихобезоара (шаш кесегі) алынды. Мамандардың білігінің арқасында ішкі ағзаларға зақым келтірместен асқазан-ішек жолдарының тұтастығын сақтап қалған. Қазір қыз отадан кейін қалпына келіп жатыр", – делінген хабарламада.

Анасының айтуынша, қыздың кішкентай кезінен шашты, жүннен жасалған бұйымдарды жұтатын әдеті болған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир